Мексикада карантиннен кейінгі алғашқы үлкен концерт өтіп жатыр

Мехикода коронавирус басталғалы сыртқа шығып сергімеген жұрт үшін алғашқы үлкен концерт басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ашық аспан астында өтетін ән кеші екі күнге созылады. Тек келушілерде вакциналау куәлігі немесе тестінің теріс нәтижесі болуы керек. Дене температурасы да өлшенеді.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Мексика астанасында коронавирус басталғалы осындай үлкен көлемде концерт өтіп көрмеген. Ұйымдастырушылар бірінші күні фестивальге 59 мың 500 көрермен келгенін айтады.

Памела Чавес, көрермен:

– Көпшілік жиналған жерге келгенде бәрібір іштей қорқыныш болады екен. Көп адам жиналып жатыр. Өзімді толық вакцина салдырғанмын. Сонда да бетпердемді шешпей, қолымды жиі-жиі жуып жүремін.