Оңтүстік Суданның Юнити штаты топан су астында қалды

Табиғат апатынан аймақтағы ауыл шаруашылыққа арналған егістік алқаптары жарамсыз күйге айналған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ондаған баспана мен өзге де ғимараттар қирап қалды. Халық теңіз деңгейінен жоғары жерге көшуге мәжбүр. Аймақта орын алған төтенше жағдайға байланысты БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы мен гуманитарлық ұйымдар қол ұшын созуда. Тіпті көмек Гана мен Монғолиядан да келген. Қазір судың ағынын тоқтату үшін құтқарушылар тасқынмен күрес жұмыстарына тартылып жатыр. Мамандар апатты аймаққа азық-түлік жеткізу үшін жолдарды тазартуға кірісті. Әзірге апаттан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.