А.Лукашенко Еуроодақты айыптады

Александр Лукашенко Еуроодақты шекарадағы мигранттар дағдарысын реттеу ұсынысынан бас тартты деп айыптады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Беларусь басшысы 2 мың босқынға Польша арқылы Германияға өтуге мүмкіндік беретін гуманитарлық өткелді ашуды талап етті. Бірақ ресми Берлин бұл ұсынысты орынсыз дейді Лукашенко мигранттарды еліне қайтару үшін арнайы рейстер ұйымдастыратынын да мәлімдеді.

Александр Лукашенко, Беларусь президенті:

– Поляктарға, тіпті әр полякқа біз жабайы емес екендігімізді көрсете білуіміз керек. Біз текетіресті қаламаймыз, оның бізге түкке қажеті жоқ. Өйткені мұның соңы соғысқа апарып соқтыруы мүмкін екенін біз жақсы түсінеміз. Бірақ мына байғұстарды шамамыз келгенше қорғаймыз.