Болгарияда жантүршігерлік жол апатынан 46 адам қаза тапты

Болгарияда автобуспен болған жол апатынан 46 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Солтүстік Македониядан келе жатқан туристік автобус жол апатына ұшырап, Струма тас жолында өртенген.

Оқиға орнында 46 адам, оның ішінде 12 бала ажал құшты. Автобуста барлығы 53 адам болған. Апат қатты жаңбыр салдарынан болуы немесе жүргізуші көлік жүргізу кезінде ұйықтап кетуі мүмкін.