Оңтүстік Кореяда тәулігіне 3300 адам індет жұқтырып, рекорд тіркелді

Ал елде 1 қарашадан бастап әлеуметтік арақашықтық ережелері жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Індетке шалдыққандар санының көбеюін, дәрігерлер вакцинаның әлсіреуімен байланыстырады. Сонымен қатар осы аптадан бастап мектептер мен балабақшалар жұмыс істей бастады. Дәрігерлер жағдай ушығып кетсе, ауруханаларда төсек-орын мен қызметкерлер жетіспеуі мүмкін деп қауіптенеді.

Бундан Сеул ұлттық университетінің ауруханасы - Кёнги провинциясындағы ең ірі медицина мекемесі. Дәрігердің қабылдауына түсу үшін адамдар алдын ала жазылуы керек. Егер келушінің дене қызуы жоғары болмаса, ол QR код арқылы ауруханаға кіреді.

COVID-19 белгілері бар науқастар үшін ауруханада арнайы кіреберіс бар. Онда олар оқшауланып, коронавирусқа тексеріледі. Егер індет расталса, ауруханаға жатқызылады.

Владислав Цой тілші:

– Аурухана өкілдері тек вакцина салдырған болсақ қана бізге сұхбат беруге келісті. Бірақ толық вакцина қабылдасақ та, бізді Жұқпалы аурулар бөліміне кіргізбеді, өйткені Кореяда қазір індет жұқтырғандар саны рекордты деңгейге жеткен.

Жалпы бұл ауруханада орташа халдегі науқастарды емдеуге арналған 20 палата бар. Тағы 7 палатада емделгеннен кейін өзін жақсы сезінетіндер жатқызылады. Бір бөлме 2-3 адамға арналған.

Ким Ый Сок, Бундан Сеул ұлттық университеті ауруханасының профессоры 

– Емдеу ұзақтығы ауру дәрежесіне байланысты. Өкпені жасанды желдету аппараты немесе экстракорпоралды мембраналық оксигенация аппаратын қажет ететін ауыр науқастар 3-4 аптадан астам емдеуді қажет етеді. Әдетте науқастар бізде 6-10 күн болады.

 Бундан ауруханасының дәрігерлері тіпті Алматыдағы емхана емделушілеріне кеңес беріп үлгереді. Расында да коронавирус кесірінен қарапайым бөлімшелерге келушілер саны азайды. Пандемияға дейін бұл ауруханаға 6800-ге дейін адам түскен болса, қазір 300-ге азайды. Жоспарлы операциялар саны да 180-нен 140-қа дейін қысқарды.

Сергей Ким. Бундан Сеул, ұлттық университеті ауруханасының  профессоры:

– Егер шұғыл операцияға келген адамда коронавирус анықталса, барлық ережелерді сақтай отырып, шұғыл операция жасалады. Егер бұл жоспарлы операция болса және оны кейінге қалдыруға мүмкіндік болса, әрине, алдымен коронавирус емделеді және теріс ПТР расталғаннан кейін жоспарлы операция жасалады.

Кореядағы барлық ковид ауруханалары үкімет белгілеген емдеу протоколын пайдаланады. Мысалы, Ремдесивир сияқты препарат қолданылады. Әзірге осы ауруханада індетке шалдыққандарға арналған төсек-орындар бар, бірақ дәрігерлердің айтуынша, жағдай нашарласа,  басқа бөлімшелердегі науқастарды емдеуге әсер етуі мүмкін.

Ким Ый Сок, Бундан Сеул ұлттық университеті ауруханасының  профессоры 

– Коронавируспен ауыратындар санының артуына байланысты үкімет мұндай науқастарға арналған палаталар санын көбейтуді тапсырды. Бірақ ковидті емдеу үшін қарапайым палаталарды қолдасақ, басқа аурулары бар науқастарды қабылдауды кейінге қалдыруға тура келеді, бұл проблема. Тағы бір мәселе, қосымша палаталар құрылса да, арнайы дайындалған медицина қызметкерлері жеткіліксіз. Ал кадр тапшылығынан палата құрудың тиімділігі жоқ.

Кейінгі аптада тәулігіне 3 мыңнан астам дерек тіркеледі. Дәрігерлер оны вакцина әсерінің төмендеуімен байланыстырады. Өйткені ковид жұқтырғандардың үштен бірі 60 жастан асқан адамдар. Олар бірінші кезекте індетке қарсы вакцинасын алды. Сондықтан елде егде жастағы тұрғындар үшін ревакцинация мерзімі қысқарды. Дәрігерлерді алаңдатқан тағы бір мәселе – мектептер мен балабақшалардың оффлайн режиміндегі жұмысының қайта жандануы. Өйткені 12 мен 17 жас аралығындағы тұрғындардың екпе алу көрсеткіші небәрі 13 жарым процентті құрайды. Сондықтан билік COVID-19 жағдайы жақсармайынша, карантин шараларды сақтау жоспарлап отыр.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян