Қытайда жатақхана қирап, төрт адам мерт болды

Қытайдың Цзян-си провинциясында алты қабатты жатақхананың бір қабырғасы опырылып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ақпарат көздерінен төрт адамның қаза тапқаны мәлім болды. Әзіге жарақат алғандардың саны анықталып жатыр.  Оқиға орнында мамандар жұмысын жалғастыруда. Құтқарушылар үйінділер астынан тағы адам табылуы мүмкін дейді.

Белгілі болғандай, жатақханада фармацевтикалық зауыттың жұмысшылары тұрған екен. Апатқа нақты не себеп болғаны да анықталған жоқ. Тергеу ісі басталды.

Сондай-ақ...