Түркияның Болу провинциясында үйленгісі келетін шетел азаматтары 100 мың лира төлеуі тиіс

Түркияның Болу провинциясында үйленгісі келетін шетел азаматтары 100 мың лира, яғни 3,5 миллион теңге төлеуі тиіс.

Тиісті қарар провинция мәжілісінде дауыс беру арқылы қабылданды. Шетел азаматтарына қатысты өзгерістер мұнымен шектелмейді. Болуда өмір сүретін өзге елдің тұрғындары қолданған су ақысы да АҚШ долларымен есептеледі. Түркиялықтар үшін судың текше метрі 87 теңге болса, шетелдіктерге оның құны 1080 теңге. Яғни 12 есе қымбат. Сандық есептегішпен төлейтіндер 1 текше метр суға 1900 теңгеден төлейді.

Танжу Өзжан, Болу муниципалитеті басшысы:

- Қарар барлық шетелдікке қатысты емес. Атап айтқанда, Женева конвенциясына сәйкес, босқын немесе иммигрант мәртебесі бар адамдарға және Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша қорғауындағы босқындар тобына қатысты емес. №4658 заң бойынша Түркияда тұруға рұқсат алған азаматтарға тиісті. Болуда тұруға рұқсат алғандарды қамтиды.

Болу - Түркияның Қаратеңіз аймағында орналасқан 200 мың тұрғыны бар провинциясы. Жап-жасыл тұмса табиғатымен ерекшеленеді. Провинция басшысы Танжу Өзжан парламенттегі бас оппозициялық Республикалық халық партиясынан сайланған. Өзжанның мұндағы мақсаты аймақтың этногенезін сақтап қалу және нарықта арзан жұмыс тобын болдырмау. Себебі сырттан келушілер жергілікті тұрғындарға қарағанда едәуір төмен жалақыға жұмыс істейді.