Шри-Ланкада паром аударылып, 6 адам қаза тапты

Шри-Ланканың шығысында паром аударылып, 6 адам қаза тапты.

Арасында балалар да бар. 12 кісі құтқарылған. Қазір олардың бәрі ауруханада. Ал із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтар іздестіріліп жатыр. Әзірге кеме бортында нақты қанша адам болғаны туралы ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ өкілдері паромда бір топ мұғалім мен оқушылар болғанын хабарлайды. Оқиғаға қатысты полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.