433,56 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Беларусьтен 118 мигрант еліне қайтарылды

  • 70
  • UPD: 23:25, 23.11.2021
Беларусьтен 118 мигрант еліне қайтарылды

Беларусьтен тағы 118 мигрант кетті. Босқындардың келесі бір тобы өз отандарына оралуға дайын тұр. Олар барлық кедендік және шекаралық рәсімдерден өтіп қойған. Тек рейс күтуде екен.

18 қараша күні бір топ келімсек Беларусьтен өз еркімен кеткен еді. Сол кезде Минск-Бағдад рейсінде 400-ге жуық Ирак босқыны болды. 

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

- Бұл адамдар не қаласа, соны істеуге әзірміз. Бұл біз үшін заң. Өздеріңіз көрдіңіздер біз рейс ұйымдастырдық. Егер адам жинай алсақ, ай соңына қарай тағы бір рейс болады. Бірақ олардың оралғысы жоқ қой.    

Польша 200 заңсыз мигрантты еліне қайтарады

Бұған дейін Польша елінің өкілдері 200 заңсыз мигрантты өз елдеріне қайтаратынын хабарлаған еді. Негізгі бағыт - Ирак. Сондықтан бұл ел өз азаматтарын қабылдауға қарсы емес екенін растауы керек. Жыл басынан бері Польша шекарашылары ел аумағына заңсыз өтудің 36 мың дерегін тіркеген. Былтыр олар 100-ге жуық босқынды ұстаса, биыл бұл сан 2,5 мыңнан асады.

 

Хабар 24 телеарнасы