Белградта зымыран жасайтын фабрикада жарылыс болды

Белградта зымыран жасайтын фабрикада жарылыс болды.

Салдарынан 2 адам ажал құшып, тағы 16-сы жарақат алған. Фабриканың қоймасында 500 зымыран сақталған екен. Оның әрқайсысында 30 келіден сұйық отын болған. Өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды.

Іздеу-құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр. Белградтың біраз бөлігін қою түтін басқан.

Милос Маджсторович, Белград өрт бригадасының басшысы:

– Жарылыс зымыран отынын сақтайтын қоймада болды. Бұл ғимарат 260 шаршы метр аумақты алып жатыр. Жарылыс өрттен болған. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз әлі оқиға орнында жүрміз.