Кашуэйра өзенінде көпір опырылып, 30-дан астам адам жарақат алды

Кашуэйра өзенінде көпір опырылып, 30-дан астам адам жарақат алды. Бұл Бразилияның оңтүстігіндегі Жоинвиль қаласында болған жағдай.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, халық жаяу жүргінші жолымен Жаңа Жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға бет алған екен. Абырой болғанд,а адам шығыны жоқ. Зардап шеккендердің 21-і – ересек, 12-сі – кәмелет жасқа толмаған бала.