Венгриядағы вакциналау орталықтарында ұзын-сонар кезек

Жаңа жылға әзірлік қызу болғанмен, шат-шадыман тойлау үшін бір қауіп бар. Ол – коронавирус. Қазір той-томалақтың қаншалықты қызық болары осыған байланысты болып тұр. Будапешттегі вакциналау орталықтарында ұзын-сонар кезек.

Елде алдын ала тіркеусіз екпе салдыруға рұқсат берілгендіктен, вакцина алғысы келетіндер қатары айтарлықтай арта түскен. Биліктің мұндай шешім қабылдауына вирус жұқтыру деректерінің күрт көбеюі себеп. Қазір Венгрияда күн сайын 5 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталады. Тек өткен демалыс күндері ел бойынша 30 мыңдай азамат вирус жұқтырған. Қазір мажар халқының 60 проценті ғана екпе алған.

Сондай-ақ...