Әлемдегі ең кәрі әйел қайтыс болды

Филиппинде әлемдегі ең кәрі әйел өмірден озды.

Франциска Сусано 124 жыл ғұмыр кешті. Оның қайтыс болғанын Кабанкалан қаласының билігі естіртті. Кейуананың ажалы неден болғаны белгісіз. Жергілікті дәрігерлер оның коронавируспен ауырмағанын айтады. Гиннестің рекордтар кітабына ресми тіркелген Франциска әжей 1897 жылдың 11 қыркүйегінде туған.