Колумбия әскері 10 тонна кокаин тәркіледі.
Мамандардың есебі бойынша оның құны 300 миллион доллардан асады. Бұл осы жылда қолға түскен ең ірі партия. Сондай-ақ қарулы күштер зиянды заттар өндіретін 2 зертхананы жойған. Арнайы операция елдің оңтүстік-шығысында жүргізілді. Бұл көршілес Эквадормен шектес аймақ.
Айта кетейік, Колумбия кокаин өндіру және тарату деңгейі бойынша әлемде жетекші орында. Соңғы бірнеше 10 жылдың ішінде есірткі қылмыстық топтарымен болған қақтығыстан 260 мыңнан астам адам ажал құшқан. Әскер мен полиция былтыр барлығы 505 тонна есірткі тәркілеген.