Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы бір күнде 4 мыңнан аса адам дертке шалдығып, елде коронавирусты жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелген.

Елде интенсивті терапия бөлімінің 70 проценттейі науқастарға толған. Сеулде бұл көрсеткіш 83 пайызға жетіп отыр. Науқастар санының күрт артуына байланысты ауруханаларда шұғыл жаңа төсек-орындар дайындалып жатыр.

Сон Ёнг Ре, Оңтүстік Коеря денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілі:

– Жағдай күрделі. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген науқастар саны күн сайын артып келеді. Әсіресе, жасы 60-тан асқан қарттардың вирусты жұқтыруы көбейді.