Германияда Меркельдің партиясынсыз үкімет құрылатын болды

Германияда қыркүйек айындағы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен Социал-демократтар бастаған үш партия коалициялық үкімет құруға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірақ жаңа министрлер кабинетіне Ангела Меркельдің партиясы кірмей қалды. Осылайша Германияны ондаған жылдар басқарған Христиан демокарттардың билігі аяқталды. Меркельдің партиясы оппозицияға көшеді. Ал жеңіске жеткен Социал-демократиялық, Жасылдар және Еркін демокартиялық партия жаңа министрлер кабинетін келесі айда толықтай жасақтап бітіруге ниетті. Алайда жергілікті және еуропалық сарапшылар коалциялық үкімет қаншалықты тиімді әрі тұрақты болады деп бас қатырып жатыр. Себебі Германия саясатының Еуроодақтағы жағдайға ықпалы зор екені белгілі.