Швецияда ел тарихында үкіметті алғаш рет әйел адам басқарады

Швецияда алғаш рет премьер-министр болып әйел адам тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұған дейін министрлер кабинетінде қаржы министрі қызметін атқарған демократиялық партия лидері Магдалена Андерсон енді елді басқаратын болды. Оның кандидатурасын парламнет басым дауыспен қолдады.

Еске сала кетейік, осы айдың басында заң шығарушы орган ел тарихында алғаш рет премьер-министрге сенімсіздік танытқан болатын. Себебі экс-премьер жаңа салынған үйлерді жалға беру саясатында нарықтық бағаны қолданған.