Мигранттар Польшаға өту үшін қитұрқы әрекеттен тартынар емес

Беларусь шекарасы маңындағы мигранттар Польша аумағына өтуге талпыныстарын тоқтатар емес, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Варшаваның мәлімдеуінше, соңғы бір күнде босқындар 300 рет әрекет еткен. 44 босқын кері қайтарылған. Польша үкімет басшысы шекара маңында мигранттар саны азая бастағанмен олардың агрессивті әркеті күшейді деп отыр. Жалпы поляк шекарашылары жыл басынан 2,5 мың мигрантты ұстапты. 

Матеуш Моравецкий, Польша премьер-министрі:

– Босқындардың легі бір ай бұрынғыға қарағанда біршама азайды. Бұл Беларусь билігінің дағдарысты шешуге жасаған алғашқы қадамы десе болады.  Біз де мәселені шешу үшін Еуропа мен Таяу Шығыста бірқатар дипломатиялық және саяси шраларды қолға алдық.

Ал «Хюман Райтс Уотч» ұйымы Польшаны мигранттарға қарсы күш қолданып, кері қайтаруды тоқтатуға шақырды. Себебі шекарашылардың мұндай әрекеті отбасыларды бөліп жатыр дейді. Сондай-ақ оларға босқын мәртебесін алу мүмкіндігін арттыруды талап етті.