Францияға тиесілі арал маңында 31 мигрант суға кетті

Францияның Кале аралына жақын маңда 31 мигрант суға кетті. Арасында 5 әйел мен бір кішкентай қыз бар.

Олар Ла-Манш арқылы қайықпен Ұлыбританияға жетпек болған. Апат туралы оқиға маңында болған балықшылардың кемелері дабыл қаққан. Француз және британия билігі теңіз бен әуеде құтқару операциясын өткізді. Халықаралық көші-қон ұйымы бұл Ла-Маншта соңғы 7 жылда болған ең үлкен қайғылы оқиға деп бағалады. Францияның ішкі істер министрі Бельгиямен шекарада 4 күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады. Олар босқындардың осы жолғы тасымалын ұйымдастырған болуы мүмкін.

Жерар Дарманен, Францияның ішкі істер министрі:

- Қайғылы оқиғаға байланысты Калеге арнайы келдім, 31 адам ажал құшқан. Тағы 2 кісі құтқарылды, біреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұлардың обалы заңсыз адам тасымалдайтын қылмыстық топтарда. Біз оларға лаңкестер, есірткі қылмыскерлеріне қарағандай, қатаң қарауымыз керек.