Пандемия кезінде АҚШ-та зорлық-зомбылық артқан

Пандемия кезінде тұрмыста зорлық-зомбылық көбейген.

Жедел көмек көрсету орталықтарына да қоңырау шалушылар қарасы 5 есе өскен. АҚШ мамандары осыған байланысты жапа шеккендерге көмектесу үшін арнайы қосымша ойлап шығарған. Адамдар онда күнделік жүргізіп, суреттер жүктей алады. Қосымшаның артықшылығы тұтынушының оған кіргені құпия сақталады. Қажет болған жағдайда қосымшаны жылдам ауа райын болжау сайтына ауыстыруға болады.  

Джилл Зинкграф, дағдарысты орталықтың атқарушы директоры:

- Пандемия кезінде паналау орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдер саны 380 процентке өсті. Сәйкесінше кеңес берушілер қатарын екі есе ұлғайттық. Мен мұндай жағдайДЫ 8 жылдан бері алғаш рет көріп отырмын. 

Бүгін әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен халықаралық күрес күні. Бастама 2000 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында бекітілген. Мақсат әлемде осы түйткілмен күресуге ден қойып, бірлесіп әрекет ету.