Түркиядан басталған зорлық-зомбылықпен күресуге шақырған шерулер ұлғайып келеді

Ыстамбұл қаласында әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес күніне орай шеру өтіп, полициямен қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акцияға қатысушылар биліктен мәселеге ден қоюды талап етіп жатыр.

Көшеге шыққан мыңдаған әйел шаһардағы Таксим алаңына бет алып, полиция олардың жолын бөгеді. Тәртіп сақшылары шеруді тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданды. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Шерушілер биліктен әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған Ыстамбұл ковенциясына қайта оралуды талап етіп жатыр. Анкара бұл құжаттан биыл шілде айында шығып кеткен.

– Мен әйел ретінде Түркияда өзімді қауіпсіз сезінбеймін. Өзге де әйелдер өміріне еш алаңдамай көшеге шыға алады деп ойлаймын.

– Билік шілде айында әйелдерді қорғайтын құжаттан бас тартты. Біз мұнымен келіспейміз және күресімізді жалғастыра береміз.

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күресуге шақырған шерулер әлемнің өзге де қалаларында өтті. Боливияда астанасы Ла-Паста мыңдаған адам көшеге шығып, биліктен елде әйелдер өлімінің көбеюімен күресуге шақырды. Мехиокода да нәзік жандар шаһардың басты көшелерімен ереуілдетіп, полицямен қақтығыс болды. Мексика – Латын Америкасында әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық көп тіркелетін елдің бірі. Бұл елде күн сайын 10 әйел мен қыз көз жұмады.