470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қырғызстанда мемлекеттік төңкерістің жолы кесілді

  • 165
  • UPD: 15:32, 26.11.2021
Қырғызстанда мемлекеттік төңкерістің жолы кесілді

Қырғызстанда құқық қорғау органдары елдегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді. Аталған ведомствоның мәліметі бойынша Парламент өкілдері мен бірқатар жоғары лауазымды шенеунік төңкерісті парламенттік сайлаудан кейін жүзеге асырмақ болған.

Айта кетейік, бұл Парламенттік сайлау осы жексенбіде өтуі тиіс. Арнайы қызмет өкілдері хабарлағандай, елде жаппай ереуіл ұйымдастыру үшін мыңға жуық жас азамат тартылып, оларды мемлекеттік құрылымдарға қарсы қоймақ болған. Осы іс бойынша арнайы қызмет өкілдері 15 адамды ұстаған. Олардың үйлері мен кеңселерінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде қару-жарақ пен есірткі тәркіленген. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы