Германияда пандемия басталғалы 100 мыңнан астам адам көз жұмды

Қазір өлім-жітім мен вирус жұқтырғандардың саны қайта арта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жуырда бір тәулікте 76 мың адамға коронавирус диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімдері науқастарға лық толы. Олардың басым бөлігі егілмеген. Мамандар қазір қарттар үйіндегі тұрғындардың жаппай вирус жұқтырып жатқанын хабарлайды. Тіпті мектеп оқушылары арасында да ковидке шалдыққандардың қарасы қалың. Алайда білім ордалары әзірге жабылмайды дейді билік.

Йенс Шпан, Германия денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Пандемия басталғалы алғаш рет науқастарды әскери ұшақпен өзге аудандардағы ауруханаларға жеткізіп жатырмыз. Қазір шамамен 100 адамды көшіру керек. Жағдай өте күрделі. Жақын арада бос орын таппай тығырыққа тірелуіміз мүмкін. Бірақ халық жағдайдың қаншалықты қиын екенін әлі де түсінбейтін сияқты.