Бельгияда жаңа шектеу шаралары жарияланды

Еуропаның ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметіне сәйкес Бельгияда соңғы екі аптада ковид індетіне шалдыққандардың саны күрт артып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осыған орай билік бүгіннен бастап жаңа шектеу шараларын жариялады. Атап айтқанда аймақтағы түнгі клубтар жабылып, мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарады. Жаңа жылдық жәрмеңкелер, мәдени іс-шаралар мен қоғамдық тамақтану орындары түнгі 11-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғындар арасында әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Ал бір үстел басында 6 адамнан артық отыруға болмайды. Осылайша мамандар адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын шектеп, аурудың төртінші толқынын алдын алмақ. Санитарлық талаптар 3 апта бойы өз күшінде болмақ.

Александр Де Кро, Бельгия премьер-министрі:

- Әлем елдерінде эпидемилогиялық ахуал көңіл көншітпей тұр. Мамандар бұлай болады деп ойлаған жоқ. Ауруханалардағы жағдай күн өткен сайын қиындап, дәрігерлердің жұмысы ауырлай түсті.