COVID-19: Еуроодақ елдері жаңа штамның пайда болуына алаңдап отыр

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенның айтуынша, вакцина өндіруші компаниялар вирустың жаңа түрін жан-жақты зерттеуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Енді коронавирустың «Омикрон» деп аталатын жаңа штамының тарауына байланысты Оңтүстік Африкадан келгендер Еуроаймақ елдеріне кіргізілмейді. Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары бұл шешімді бір ауыздан қолдады.

Айта кетейік, жуырда Бельгияның денсаулық сақтау министрі елде «Омикрон» штамын жұқтырған бір адамның тіркелгенін хабарлаған еді. Науқас бірнеше күн бұрын шет елден келген екен әрі коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған болып шықты.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- COVID-19 індетінің мутацияға ұшыраған жаңа түрінің пайда болуына алаңдап отырмыз. Бұдан былай Оңтүстік Африкаға қатынайтын барлық рейс тоқтатылу керек. Жаңа штамның қаншалықты қауіпті екенін түсінбейінше, ұшақтар ұшпайды. Бұл елдерген келетін саяхатшылар карантиннің қатаң талаптарына бағыну керек. Сонымен қатар күні бүгінге дейін вакцина салдырмағандар дереу егілуі тиіс.