АҚШ-та Black Friday жеңілдік науқаны жарияланды

Нью-Йорктегі дүкендер мен сауда орталықтары жұмыс күнін әдеттегіден ерте бастады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жылдағы дәстүр бойынша қала тұрғындары қарашаның соңғы жұмасына келетін Black Friday-ге әзірленіп, таң сәріден қала орталығына ағылған. 160 миллионға жуық америкалық мереке күндері сауда жасады. АҚШ-тың бөлшек сауда федерациясының мәліметі бойынша, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 миллион тұтынушыға көп. Болжам бойынша олардың әрқайсысы орташа есеппен 1 мың доллар жұмсайды. Осылайша қараша мен желтоқсандағы бөлшек сауданың көлемі 850 млрд долларға дейін жетуі мүмкін дейді сарапшылар. Ал дүкен аралағысы келмейтіндер үшін онлайн платформаларда жеңілдіктер ұсынылды. Адам көп шоғырланатын жерге бас сұққысы келмейтіндердің 46 проценті дәл осы қызмет түріне жүгінген.

Мэтью Шей, АҚШ-тың бөлшек сауда федерациясының президенті:

- Елдің жағдайы жаман емес. Жалпы халықтың жинаған ақшасы шамамен 4 триллион долларға жетіп жығылады. Мемлекеттен де көмек алып тұрады. Оның да көлемі қомақты.

Сондай-ақ...