АҚШ-тың Нэшвилл қаласындағы атыс салдарынан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Теннесси штатындағы Нэшвилл қаласында атыс болған. Қаза тапқандар мен жаралы болғандар бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Жұмада кешке 21.45-те «Торбетт-стриттегі» пәтерде атыс болып, 3 адам көз жұмды. Тағы төрт адам зардап шекті, алайда олардың жарақаты өміріне қауіпті емес. Адам өлімін тергеу бөлімінің детективтері атысқа не себеп болғанын тексереді», - делінген Нэшвилл полициясының Twitter-дегі хабарламасында.

Полицейлер есікті бұзып кіру белгілерін таппаған. Оқиға орнынан екі тапанша табылған.

Құқық қорғау органдары бұл іске қатысты күдіктілер туралы мәлімет бермеді. Тергеу жалғасып жатыр.