Италия билігі бустерлік дозаны қабылдауға шақырады

Италияда коронавирустың төртінші толқыны күш алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Елде тіркелген науқастардың тәуліктік саны 14 мыңнан асты. Ал күні кеше ғана 71 адам вирусты жеңе алмай көз жұмды. Жағдайдың ушығуына байланысты жергілікті билік карантиндік шектеу шараларын күшейтпек ниетте. Егер бұрын егілмеген тұрғындар «Green Pass», электронды төлқұжатта көрсетілген ПТР-тесттің теріс нәтижесі арқылы қоғамдық орындарға кіре алатын болса, енді 20 аймақтың губернаторлары бұл талапты қатаңдатуға шақырады. Жаңа ережеге сәйкес екпеден бас тартқандар тест тапсырса да мүлдем қоғамдық тамақтану орындарына кіре алмайтын болады.

– Вакцинадан бас тартқандарға шектеу қатаңдатылу керек. Егер осыдан соң Италиядағы эпидемиологиялық ахуал жақсаратын болса, онда бұл дұрыс шешім деп ойлаймын.

– Егер ПТР-тесттің теріс нәтижесі болса, ешкімнің сізге қысым көрсетуге қақсы жоқ. Шектен шығуға болмайды.

– Түк қиындығы жоқ деп ойлаймын. Маскаңыз бен Green Pass төлқұжатын көрсетсеңіз болғаны. Пандемия кезінде кез келген тиімді шараны қолға алу керек. Вакцина қабылдасаңыз бәрі жақсы болады.

Жуырда мамандар тұрғындарды қайта вакциналау шарасына белсене қатысуға үндеді. Айтуынша, бустерлік дозаны алғашқы екі екпеден кейін 5 ай өтісімен қабылдауға болады. Жалпы статистикаға сәйкес бүгінде шамамен 73 процент итальялық егілген. Енді жергілікті билік вирустан толық қорғалу үшін бустерлік дозаны қабылдауға шақырады.

Валерио Могини, дәрігер:

– Өткен аптада орталығымызда күніне шамамен 400 адам вакцина қабылдайтын. А қазір олардың саны 800-ден асады. Яғни бустерлік дозаға келгендердің саны артып барады.

Сондай-ақ...