Ресейдегі шахта жарылысының себебі анықталды

Кемеров облысы «Листвяжная» шахтасындағы жарылыс метанның атылуы салдарынан болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ресейлік tass.ru ақпараттық агенттігіне жазды. «Алдын ала мәлімет бойынша, кенеттен метан атылып, кейін жарылыс болған. Бірақ оның неліктен атылғаны белгісіз. Қазір жауапты және тергеу органдары осыны анықтап жатыр», - деді агенттік дереккөзі. Сондай-ақ ол шахтадағы метанға жауап беретін құрылғының жұмысы зерттеліп жатқанын айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан аман қалған ешкім жоқ. Өндірістік апат салдарынан 52 адам қаза тапты, оның алтауы тау кен құтқарушысы.