Коронавирустың жаңа түрі: Израильде төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет мемлекеттің «төтенше жағдай алдында тұрғанын» жариялап, барлық израилдықтарды «тәулік бойы жұмыс істеуге дайындалуға» шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24» ВВС-ге сілтеме жасап.

Бірнеше апта бұрын елде «Омега» ұлттық жаттығулары өткізілді, онда коронавирустың жаңа түрі әлдеқайда қауіпті болып, көп адам көз жұматын болса, осы індетпен күресу сценарийі жасалды. «Ол кезде көпшілікке бұл әрекетіміз қызық болып көрінгенімен, біз бұл қадамға қазіргі жағдайға алдын ала дайындалу үшін барған едік», - деді премьер-министр. Сенбі күні Израиль премьері үкіметтің шұғыл отырысын өткізіп, онда шетелден келетін азаматтар үшін Бен Гурион атындағы халықаралық әуежайдың жабылатыны туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, жұма күні Дүиежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың «Омикрон» деп аталатын жаңа түрі шыққанын жариялады. Ал әлем елдері одан сақтанудың әртүрлі жолдарын қарастырып жатыр.