Израиль мемлекеті шекарасын жапты

Израиль билігі бүгіннен бастап екі аптаға шетел азаматтары үшін өз шекарасын жапты.

Үкіметтің бұл шешіміне коронавирустың омикрон штамының таралуы себеп. Жаңа шектеу үкіметтік комиссиядан рұқсат алғандарға қатысты емес. Ал шетте жүрген Израиль азаматтары еліне қайтар кезде жіті тексеріліп, екі апта карантинде отырып шығуы керек.

Ел премьер-министрі Нафтали Беннеттің айтуынша, жаңа штамды жұқтырған науқастардың қозғалысын ұялы телефондары арқылы қадағалап отырады.

Сондай-ақ...