Британияда Арвен дауылынан үш адам қаза тапты

Ұлыбританияда ойран салған Арвен дауылынан 3 адам мерт болды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұмдардың үстіне ағаш құлаған.

Қазір дүлей дауыл Шотландия, Солтүстік Ирландия мен Солтүстік-батыс Англияда күш алып барады. Аймақта қар аралас жауын мен қатты жел соғып тұр. Табиғат апатынан тас жолдарда көлік қозғалысы тежеліп, 120 жүк көлігі сапарын жалғастыра алмай тұр. Ал Шотландияда 100 мың баспана жарықсыз қалды. Шотландия, Солтүстік Ирландия мен Солтүстік-батыс Англияда қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды.