470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ресей шетел азаматтарын ел аумағына кіргізбеу туралы шешім қабылдады

  • 208
  • UPD: 19:17, 28.11.2021
Ресей шетел азаматтарын ел аумағына кіргізбеу туралы шешім қабылдады

Ресей үкіметі Африканың 9 өңірінен және Гонконгтан келетін шетел азаматтарын ел аумағына кіргізбеу туралы шешім қабылдады.

Жолаушылар соңғы 10 күннің ішінде қауіпті штам белең алған аймақта болмауы керек. Ал Оңтүстік Африка, Қытай, Израиль мен Ұлыбританиядан еліне қайтқандар тест тапсыруға міндеттеледі.

Айта кетейік, жуырда «Спутник V» препаратын өндіруші компания қажет болған жағдайда өз вакцинасының құрамын қайта қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.     

Хабар 24 телеарнасы