Перуде қуатты жер сілкінісі болды

Перуде күші 7,5 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі таңертең Перудің солтүстігінде болды. Салдарынан үш адам зардап шеккен. 

Төтенше жағдай елдегі және көрші Эквадордағы инфрақұрылым мен тұрғын үйлерге айтарлықтай зиян келтірді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы туралы әлі хабарланбай отыр.