Бразилияда саққұлақтар сайысы өтті

Бразилияның Натал қаласында серфингтен ит сайысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қарғы баулыларды иелері демеп отырды. Жануарларға арнайы қорғаныш киімі  кигізілген. Бұл итке деген қамқорлық әрі сақтық шаралары. Үйретілген иттер ережені бұлжытпай орындады. Додада Парафин атты ит пен оның иесі Аугусто Сезар алдына жан салған жоқ. Бірінші орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ...