Қырғызстандағы парламенттік сайлауда алты партия өтуі мүмкін

Қырғызстандағы парламенттік сайлауда алты партия өтуі мүмкін

Өйткені алтауы да 5 проценттік межені еңсерді. Алдын-ала санақ осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазірге дейін бюллетеньдердің 97 проценті саналған. Оған сай «Республика - Ата-журт» партиясы 16,4 процент дауыспен көш бастаған. Одан кейін 10 проценттен астам дауыспен «Ишеним» мен «Ынтымак» партиясы орналасқан. Ал оппозициялық «Альянс» 8 проценттен астам дауыс жинаса, «Бутун Кыргызстан» сайлаушылардың 7 процент қолдауына ие болған. Бірақ додада қажетті дауыс жинай алмаған бірнеше партия сайлау қорытындысымен келіспейтінін жариялады. Ал ел президенті Садыр Жапаров сайлауды мойындауға шақырды. Халықаралық сарапшылар саяси додаға қатысты өз бағасын жуық арада жарияламақ.

Айта кетейік, Қырғызстан парламенті 90 депутаттан тұрады және халық қалаулылары 5 жылға сайланады. Жалпы шараға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 34 проценттен астамы қатысып, өз таңдауын жасаған.