Италия жағалау күзеті 250-ге жуық мигрантты құтқарды

Италия жағалау күзеті 250-ге жуық мигрантты құтқарды

Жерорта теңізінен тағы 250-ге жуық мигрант құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әскерилер босқындарды елдің оңтүстігіндегі Калабрия аймағы жағалауына жақын жерден кездестірген. Қауіпті сапарға шыққандардың арасында балалар бар. Ауа райының қолайсыздығынан құтқару операциясы 16 сағатқа созылды. Италия шекарашыларына Румынияның әскери-теңіз күштері көмектесті.