Жапония шетелдіктердің кіруіне шектеу енгізді

Жапония омикрон штамына байланысты ертеңнен бастап шетелдіктердің елге кіруін шектейді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұдан бөлек үкімет бірқатар елден оралған жапондықтардың 10 күндік карантиннен өтуі тиіс екенін жариялады. Оның ішінде 9 африкалық елден бөлек жаңа дерт тіркелген тағы 14 мемлекет қосылған. Премьер-министрдің мәлімдеуінше, күн шығыс елінде әлі ешкім жаңа штамды жұқтыра қоймаған. Сондықтан билік індеттің таралуын болдырмас үшін осындай сақтық шарасын қабылдауға барған.

Фумио Кисида, Жапония премьер-министрі:

– Шара жаңа штамға байланысты барлық ақпар анықталмайынша, қолданылатын болады. Ғалымдар қолда бар вакциналардың жаңа дертке қарсы тиімділігін анықтап жатыр.