Омикрон штамының таралу географиясы кеңейді

Австрияда коронавирустың омикрон штамын жұқтыру дерегі тіркелді. Шотландия мен Германия да алғашқы науқастар жайлы хабарлады.

Сол себепті мұнда Оңтүстік Африка Республикасынан келушілер үшін ереже қатаңдатылды. Енді олар шекара асқанда ПТР-тест тапсыруға міндеттеледі. Бұған қоса карантинге жатқызылады. Одан шыққаннан кейін тағы екі рет тест тапсырады.

Айта кеткен жөн, коронавирустың жаңа омикрон штамынан көз жұму оқиғалары туралы ақпарат жоқ. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сақ болып, вакциналау қарқынын арттыруға шақырып отыр.   

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры:

- Мутацияға ұшыраған омикрон штамының пайда болуы коронавирусқа қатысты ахуалдың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Оңтүстік Африка Республикасы мен Ботсвананы айыптамай, керісінше бұл елдерге мутацияны жұқтыру оқиғалары туралы хабарлағаны үшін алғыс айтуымыз керек. Біз әзірге омикрон індеттің ауыр формада өтуіне әкеп соқтыра ма, жоқ па - мұны білмейміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осыны анықтаумен айналысып жатыр.  

Коронавирустың осы жаңа штамы салдарынан Швейцарияда биыл Қысқы универсиада өтпейтін болды. Спорттық бәсеке қаңтар айына жоспарланған еді. Алайда карантиндік шектеулерге байланысты желтоқсанға шегерілген.