АҚШ ғалымдары: жаңа штамның жолын бөгеу мүмкін емес

Омикрон америкалықтарға да алаң туғызды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жаңа штамм АҚШ-қа жетпегенмен, оның жолын бөгеу мүмкін емес дейді ғалымдар. Ауруларды бақылау және алдын алу ортылығы халықты жаппай екпе салдыруға шақырды. Ал Джо Байден америкалықтардың алаңдауына негіз жоқ деп жайбарақат.

Оның айтуынша, жаңа штам АҚШ-та табылған күннің өзінде, эпид жағдайдың ушығып кетпеуі үшін қажетті сақтық жұмыстары жүргізілген. Ал мамандар Омикронның қаншалықты қауіпті екендігі тек бірнеше аптадан кейін ғана белгілі болады дейді. 

Френсис Коллинс, АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау институтының директоры:

– Ковидтің бұл түрі ғалымдар үшін жұмбақ. Бір білетініміз ол 50-ге жуық мутациаланудан өткен жаңа штам. Қазір біз үшін басты сұрақ омикрон штамы дельтадан қаншалықты қауіпті дегенге саяды. Казіргі вакцинаның нақты қанша процентке тиімді болатыны да белгісіз. Бірақ вакцинаның көмектесетіні анық. Себебі осы уақытқа дейін қолымыздағы вакцина ковидтің барлық жаңа штамдарын тоқтатуда тиімділігін көрсетті. 

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Ел арасында үрей туғызудың қажеті жоқ. Дегенмен барлық адамның сақ жүргені маңызды. Алаңдауға негіз жоқ дейтінім, алдыңғы штамдар пайда болған уақытпен салыстырғанда қазір біздің қолымызда ең тиімді вакциналар бар. Ғалымдарымыз бар. Біз барлығына дайынбыз деп айтуға болады.