434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Чилиде зауыт өртеніп, улы түтін тарады

  • 108
  • UPD: 11:20, 30.11.2021
Чилиде зауыт өртеніп, улы түтін тарады

Чили астанасы Сантьягода құрылыс материалдарын шығаратын зауыт өртеніп, шаһардың кей аудандарын улы түтін басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Жергілікті билік өтенше жағдай орын алған аудандағы барлық мектепті жауып, тұрғындарды барынша абай болуға шақырды. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.

Хельга Балич, қалалық денсаулық сақтау қызметінің өкілі

– Зауыттан тараған түтін адам ағзасына зиянды. Тұрғындардан есік-терезелерін жауып, көшеге шыққанда бетперде тағып жүруді сұраймыз. Егер түтіннің қандай да бір кері әсері сезілсе бірден дәрігерге қаралу қажет.

Хабар 24 телеарнасы