АҚШ-та алып ағаш үйдің үстіне құлады

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында екі қабатты үйге үлкен ағаш құлап, 1 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ғимараттағы қалған үш тұрғынды өрт сөндірушілер аман-есен шығарып алды. Ағаштың опырылып сынуына не себеп болғаны әлі белгісіз. Өйткені қалада дауыл соғып жаңбыр жаумаған.