Египетте жаңа штамды жұқтыру дерегі жоққа шығарылды

Египетке Оңтүстік Африка республикасынан ұшып келген жолаушының бірінен, омикрон штамы анықталғаны расталмады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі, бұл ақпарды жоққа шығарды. Бірақ халықаралық рейспен келгендердің барлығы ПТР-тест тапсырып, бір апталық карантинге жабылған.

Айта кетейік, Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігі Мысырда Эфиопия арқылы Оңтүстік Африкадан ұшып келген шетелдік азаматтың бірінени жаңа штамм шыққаны жайлы жазған еді. Жалпы Египетте қазір коронавирус індеті қайта өршіп, науқастар саны артқан.