Еуроодақ Тұрақтылық пакт бойынша ортақ шешімге келуге ниетті

Франция Германияның жаңа үкіметімен пандемиядан кейінгі экономикалық мәселелерді шешу үшін Еуропалық Одақтың қазынашылық тәртібін жаңартуға келісуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы Еуротоптың басшысы бесінші республиканың қаржы министрі Бруно ле Мэр мәлім етті. Бір ай бұрын Еуроодақ ұйымның ортақ қарызын түзету мен жасыл экономикаға көшу үшін қазынашылық заңнаманы қайта қарауға кіріскен. Себебі Тұрақтылық пен даму пактісі бойынша Одақ елдері арасындағы келіспеушілік қауымдастықтағы қаржы мәселесін шешуге кедергі болуда. Әсіресе оның кері әсері пандемия кезінде экономиканы қалпына келтіруде байқалып отыр.

Бруно Ле Мэр, Франция қаржы министрі:

– Біз Тұрақтылық пен даму пактісін реформалауда еуроаймақтың тұрақтылығына кепілдік беретін ортақ шешім табатынымызға сенімдімін. Еуропалық елдер бұл істе бір-бірінің ұстанымын түсініп әрекет етуі тиіс. Германияның жаңа үкіметімен ортақ келісімге қол жеткізетінімзге сенімдімін.