Бельгияда Иранмен ядролық келісімшарт бойынша келіссөз басталды

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің қайта басталуы өте маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Набила Массрали мәселеге қатысты, осылай деп мәлімдеді. Осы ретте Одақ келісімшартты қайта қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін айтып отыр.

Еске сала кетейік, Венада 5 ай үзілістен кейін Иран мен АҚШ және 4+1 елдер арасында Ислам республикасымен ядролық келісімшартқа байланысты келіссөз басталған. Соңғы топқа Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және Германия кіреді.

Набила Массрали, Еуропалық сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі:

– Келіссөзді биыл маусым айында үзілген жерінен қайта жалғастыру дұрыс шешім болды. Барлық тараптар бірлескен іс-әрекеттер жоспарына тез оралу үшін жылдам әрекет ету керек. Халықаралық қауымдастық үшін Иранның келісімшартты толық орындауы маңызды.

 

 

 

Сондай-ақ...