425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ресейдің бірнеше қаласы қалың қардың астында қалды

  • 184
  • UPD: 17:09, 30.11.2021
Ресейдің бірнеше қаласы қалың қардың астында қалды

Ресейдің бірнеше өңірінде табиғат тосын мінез танытты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Санкт-Петербургте жарты тәулік ішінде қардың бір айлық мөлшерінің үштен бірі жауған. Салдарынан қалада 10 балдық кептеліс пайда болды. Ал Мәскеуде кейінгі 69 жылда болмаған қатты жаңбыр жауды. Мамандар алдағы уақытта жауын қарға ұласатынын болжап отыр. Владивостокта қарлы боран соғып, мыңнан аса тұрғын жарықсыз қалды. Мектептерде бүгін сабақ болмайды. Балалар қашықтан оқып жатыр. Ал қаладағы коммуналдық қызмет дайындықтың жоғары жағдайына көшірілген.

 

Хабар 24 телеарнасы