Бүгіннен бастап Барбадос республикаға айналып, енді ханшайым Елизавета Екінші ресми түрде елдің басшысы атағынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Арал мемлекет 400 жылдай британдық колония болған. 1966 жылы ол тәуелсіздік алса да, осы күнге дейін Ұлыбритания ханшайымының билігі жүріп тұрған. Аралдың генерал-губернаторы президент болып сайланып, оны ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Уэльс ханзадасы Чарльз қатысқан. Меймандар қатарында осы БарбАдоста дүниеге келген танымал әнші Рианна да болған. Ол ұлттық қаһарман атағымен марапатталды.