Әзербайжанда әскери тікұшақ құлады

Әзербайжанда шекара қызметінің тікұшағы апатқа ұшырап, 14 адам опат болды.

Тағы 2 әскери жарақат алды. Көз жұмғандардың ішінде жоғары шенді офицерлер бар. Апат Хызынск ауданындағы Гарахейбат полигонында оқу-жаттығу кезінде болған. Әзірге тікұшақтың құлауына не себеп болғаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.