Мичиган штатында мектептегі атыстан 3 адам қаза тапты

АҚШ-тың Мичиган штатындағы мектептердің бірінде атыс болып, 3 бала мерт болды.

Тағы 8 адам жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Оққа ұшқандар 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Оқиға Оксфорд қаласында болды. Адамдарға мылтық кезенген осы оқу орынының 15 жастағы оқушысы. Жасөспірім полицейлер келгенше жартылай автоматты тапаншадағы бүкіл оқты атып үлгерген. Содан кейін тәртіп сақшыларына өз еркімен берілген.

Майк Маккейб, Окленд округінің шерифі:

- Біз оның мұндай әрекетке не себепті барғанын әзірге білмейміз. Тергеу жүріп жатыр. Оның үйіне тінту жүргізілді. Күдіктінің өзі тергеушілерге ештеңе айтпай отыр.

Сондай-ақ...