Францияда атом өнеркәсібінің ең ірі әлемдік салоны ашылды

Бұл сауда көрмесіне 18 мыңдай адам қатысты. Олардың арасында осы саланың айтулы мамандары, мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар. Бұл шарада атом өнеркәсібі кейінгі үш жылдағы жетістіктерін алғаш ұсынып отыр.

Осыдан 10 жыл бұрын Фукусимада болған апаттан кейін атом өнеркәсібі екінші тыныс алған секілді. Глазгода өткен климат конференциясынан кейін бұл салаға қызуғышылық арта түскен. Бүгінде әлемдегі таза энергияның үштен бір бөлігін атом өнеркәсібі шығарады. Өкінішке орай, күн батареялары мен жел генераторларының ғаламдық жылынуды тоқтатуға әзірге шамасы жетпейді. МАГАТЭ ұйымының мәліметі бойынша қазір әлемде 51 реактор салынып жатыр. Еуропадағы энергетикалық дағдарыс пен климат жөнінде сарапшы топтың көңіл көншітпейтін болжамы бейбіт атомға деген сұраныстың күрт артуына әкелді.

Рафаэль Гросси, МАГАТЭ ұйымының бас директоры:

- Мен барлық елдердің энергетика министрлерін қабылдадым. Тек Франция мен АҚШ емес. Африка, Оңтүстік пен Орталық Америка елдерінің министрлерімен кездестік. Олардың қызуғышылығы жоғары. Мәселен, модульді шағын ядролық реакторлардың көмегімен энергетикалық дербестікке қол жеткізіп, таза қуат көзін алуға болады.

Көрменің тұтас бір күні модульді шағын реакторлар құрылысы тақырыбына арналды. Бұл құрылғылардың бағасы арзан, тез салынады әрі зиянсыз. Алайда олар тек он шақты жылдан кейін ғана нарыққы шығады. Енді Атом станцияларына сұраныс артса басты мәселе оның қауіпсіздігі болып отыр. Реактор сатумен қатар оның орнатылуы мен пайдалану сапасын да бақылау қажет. 

Рафаэль Гросси, МАГАТЭ ұйымының бас директоры:

- Атом қауіпсіздігі - үнемі туындайтын сауал. Бұл Фукусима мен өзге де болған жеке оқиғалардан ауқымы кең әрі тұрақты түрде атқарылатын еңбек. Франция, АҚШ, Оңтүстік Америка, Африка және атом өнеркәсібі бар қай жер болсын ондағы қауіпсіздік стандарттардың қолданылуын қадағалаймыз.

Көміртек бейтараптығына жету үшін жыл сайын әлем бойынша 30 реактор салынуы керек. Алайда құрылыс құны мен ұзақтығын ескерсек, бұл мақсатқа жететін әзір түріміз жоқ. Дегенмен, МАГАТЭ болжамына сәйкес, 2050 жылы атом энергиясының өндірісі екі есе артуы тиіс.

Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан